Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Алматыда қант тапшылығы жоқ - әкімдік

2022 жылғы 11 маусым 00:16

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 10 маусымдағы жағдай бойынша Алматы қаласында қант тапшылығы байқалмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, сауда нысандары мен өндірістік кәсіпорындардағы қант қоры 12 мың тоннадан асады.

«Алматылықтар ай сайын 3,3 мың тонна қант тұтынады. Мегаполиске 30 мың тоннадан астам қант жеткізу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Алматы облысындағы «Ақсу қант зауыты» ЖШС және Жамбыл облысында орналасқан «Меркі қант зауыты» кәсіпорнымен 30 мың тонна қантқа келісімшарт жасалды», - деп жауап берді ҚазАқпарат жолдаған сауалға ведомстводан.

Сонымен қатар, әкімдік қалаға қант уақытылы жеткізіліп жатқанын атап өтті.

«Қазақстан темір жолы» қант тиелген вагондарды кешіктірмей жеткізіп отыр. Бүгінгі таңда Magnum сауда желісіндегі қант қоры шамамен 3 мың тоннаны құрайды, ол күн сайын толықтырылып отырады», - деп атап өтті әкімдіктегілер.


Автор:

Алма Мұқанова

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар