Алматыда қанша науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған
21 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 35 адам коронавирус жұқтырған.
Барлық емделіп шыққандар –21 , келіп түскені – 17
Инфекциялық стационарларда 133 адам бар. (Төсек-орын 1 104) Оның ішінде 6 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 24 адам жатыр.
Ал 4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 6 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 6 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 263 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 247 науқас. 16 адамда коронавирус белгілері жоқ.