Алматыда қанша көпбалалы отбасы тұрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының «Бақытты отбасы» орталықтарына күн сайын 700-ден астам тұрғын келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Тоғызбаеваның айтуынша, мегаполисте көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған «Бақытты отбасының» 9 орталығы бар.

« Алматыда 24 426 көпбалалы отбасы тұрады. Орталықтарға 4 мың адам тіркелген. 30 500 алматылық ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау алды, 3 200 өтініш берушіге әдістемелік және құқықтық көмек көрсетілді, 3 мың тұрғын базалық тренингтерден өтті және 4 мың тұрғын оқу курстарын аяқтады»,- дейді ол.

«Бақытты отбасы» орталықтарымен қатар Алатау ауданының аз қамтылған отбасыларына арналған дәстүрлі қолөнерді дамыту орталығы жұмыс істейді, оның мақсаты – балаға салт-дәстүр, әдет-ғұрып, қолөнерді үйрету.

«Орталықта көпбалалы аналар мамандық ала алады, қазірдің өзінде 575 әйел киім дизайны, кірпік ұзарту, маникюр, құрақ көрпе тігу, тігін және массаж курстарынан өтіп жатыр», – деді Назира Тоғызбаева.

Бұл дәстүрлі қолөнер орталығына 1 200 бала келеді.Оларға домбырада ойнауды, актерлікті, биді, қолөнерді үйретеді, балалар орыс және ағылшын, вокал және хореография курстарынан өтеді.

Бұл ретте қалада «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша аналарға кәсіпкерлік негіздерін үйретуге бағытталған «Іскер Аnа» жобасы, сондай-ақ «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курстар жүзеге асырылып жатыр.

«Мамандар көпбалалы аналарға жеке кәсіп ашуға және оны жүргізуге көмектеседі. Ол үшін гранттар, оқу курстары және басқа да көмек ұсынылады. Болашақта кәсіп ашқан соң, кәсіппен айналысатын аналарға қолдау көрсетіледі. Бүгінде комиссия 757 әйелге грантты мақұлдады», – деді спикер.

Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы қарттарды қолдау үшін Алматыда белсенді қартаюға арналған тағы 9 орталық бар екенін қосты. Оларға күніне 1000-нан астам адам келеді. Мұнда оларға белсенді және салауатты өмір салты таныстырылады. Зейнеткерлер йога терапиялық сабақтарына, скандинавиялық жаяу жүру және жаттығу терапиясына қатысады.


Соңғы жаңалықтар