Алматыда қанша аурухана орталықтандырылған оттегі стансасына қосылған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 17 аурухана орталықтандырылған оттегі беру құрылғысына қосылған. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһар басшысы былтыр ауруханаларда оттегі беру бойынша біраз мәселе болғанын атап өтті.

«Алматыдағы 17 аурухана орталықтандырылған оттегі беру құрылғысына қосылған. Былтыр күз мезгілінде оны шештік. Әр палатада, әр төсек-орын оттегі беру аппаратына қосылған. Қазір кез келген палатаны реанимацияға айналдыруға болады. Бұл жұмыстың бәрі қысқа мерзімде атқарылды. Сондықтан бұл мәселе бойынша ешқандай проблема жоқ»,-деді әкім.

Кеше коронавирус инфекциясының 595 жаңа жағдайы тіркелген.

Оның 497-інде - коронавирус инфекциясының белгісі бар және 98-і симптомсыз пневмония.

Айта кетейік, Алматы 10 наурыздан бері «қызыл» аймақта. Карантин шаралары 12 сәуірге дейін ұзартылды.


Соңғы жаңалықтар