+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Алматыда қанша адамның баспана кезегінде тұрғандығы белгілі болды

2020 жылғы 7 тамыз 13:36
Бөлісіңіз:
Алматыда қанша адамның баспана кезегінде тұрғандығы белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 26 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр. Бұл туралы Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқарма басшысының орынбасары Айбек Сайделдаев онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сайрамдық 17 мұқтаж отбасы баспаналы болды Нұр-Сұлтанда бес жылдан бері үйсіз жүрген 600 үлескер биыл баспаналы болады Тұрғын үй шаруашылығы саласында қандай өзгерістер болады

«Қазіргі таңда қалада 26 мыңға жуық адам үйге кезекте тұр. Көпбалалы аналардан 2180 адам, жетім балалардан 600, әлеуметтік осал топтардан 12 мың, мемлекеттік қызметкерлерден 10 мыңға жуық адам кезекте тұр. 2020 жылы 3 мыңға жуық үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде «Алматы жастары» бойынша 188 жасқа пәтер кілті табыс етілді»,– дейді Айбек Сайделдаев.

Сонымен қатар, ол республикалық «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 1696 адамнан өтініш түскенін атап өтті.

«Бақытты отбасы» бойынша 1696 адам өтініш берді. Несие беру лимиттерін ҚР ИИДМ өңірлер бойынша бөледі. Алматы қаласына 3,7 млрд теңге сомасына 376 қарыз бөлінді, оның ішінде: 188 – көпбалалы отбасы, 188 – толық емес отбасы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылары бар. 2020 жылғы 7 тамызда 155 несиелік қарыз берілді», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT