Алматыда қанның қатерлі дертіне шалдыққан балаларға демеушілер көмек көрсетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қанның қатерлі дертіне шалдыққан балалар емделетін «Алатау» балалар шипажайына демеушілер тұрмыстық техника сыйға тартты. Қайырымды шара «Аяла» қайырымдылық қоры мен «Самсунг Электроникс» компаниясының бірлескен жобасының арқасында жүзеге асты.

Балалар гематологиясы бөлімі қазіргі заманауи техникамен толығымен жабдықталды. Оларға бүгін тоңазытқыш, ыдыс жуатын, кір жуатын машина, иіссорғыш, кондиционер, тамақ пісіретін ыдыстар сыйға берілді. Аталған бөлімде химиотерапияның ауыр курстарынан кейін балалар ұзақ қалпына келу кезеңінен өтетіндігін атап өту керек. Көптеген кішкентай балалар ата-анасымен осында ұзақ жатады. Демеушілер бұл сыйлықтары олардың қиын күндерін жеңілдетуге септігін тигізеді деп үміт артады. - «Аяла» қорының көмегімен бізде өте керемет ойын алаңы пайда болды. Осыдан бір ай бұрын олар жуынатын кабина сыйлаған болатын. Енді асүйімізді жабдықтап алсақ деп отырғанда, қордан хабарласып, техника ұсынды. Бұл сөз жоқ, науқас балаларға деген қайырымдылық», - деді шипажайдың директоры Қаншайым Мұсаева. Айта кетейік, бұған дейін де аталған қор Алматы мен Есік қаласында орналасқан мектеп-интернаттарды, «Ақсай» республикалық ауруханасын, балалар үйлері мен ауруханаларын тұрмыстық техникалармен қамтамасыз етіп келген.

Соңғы жаңалықтар