Алматыда қаңғыбас иттер 3-ке толмаған баланы талап өлтірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қаңғыбас иттер 3-ке толмаған баланы талап өлтірді. Оқыс оқиға туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.

Қайғылы жағдай Ақбұлақ шағын ауданында орын алған. Бүлдіршін таңертең сағат 10:20-да ауладан көшеге шығып кеткен.

Қаңғыбас иттер қараусыз баланы талап тастаған. Бүлдіршін дәрігерлер келгенше жан тапсырды.

«Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алатау аудандық ІІБ тергеу амалдарын аяқтаған соң процессуалды шешім қабылданатын болады», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқиға орнында полицейлермен бірге ветеринарлық қызмет өкілдері жұмыс жасап жатыр. Олар шабуыл жасаған иттерді қолға түсірумен айналыспақ.

Соңғы жаңалықтар