Алматыда қандай жер учаскелері мәжбүрлі түрде қайтарылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі жер телімдерін мәжбүрлі түрде алу туралы бірқатар қаулы шығарды. Бұл жер учаскелеріне жол айырықтары салынып, су құбыры жүргізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Жалпы көлемі 0, 18161 га болатын жер учаскелері мемлекет қажеттіліктері үшін сатып алынады. Атап айтқанда, Абай көшесін Момышұлы көшесінен Наурызбай ауданына дейін ұзарту үшін қайтарылады. Ауданы 0,1955 га жер Рыскұлов-Емцов көшелерінде жол айырығын салуға алынады. Бұл территориялар 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейін мәжбүрлі түрде босатылуы тиіс. Ең үлкен территория Құлжа жол айырығын салуға алынады.

Мәжбүрлі түрде мемлекет қажеттілігі үшін Әбдіралиева Гүлжан Ендіханқызының, Саухымбаев Ерлан Жолдасбекұлының  0,0600 га жер телімі биылғы 31 желтоқсанға дейін алынады»,- делінген әкімдік қаулысында. 

Сонымен қатар,  Каменское плато шағын ауданындағы 0,5149 га жер су құбырын жүргізу үшін алынады.

Сол себепті,  "Алатаужарық" компаниясы мен Көз аурулары ғылыми институты бірқатар жер телімін босатуға тиісті болмақ.

«Мемлекеттік қажеттілік үшін аумағы 0,2623 га болатын Көз аурулары ғылыми институтының жер телімі мәжбүрлі түрде келер жылдың 31 желтоқсанына дейін алынады. Ол жерде перзентхана құрылысы басталады»,-  делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар