Алматыда қандай жағдайда локдаун болуы мүмкін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда қандай ахуал болған жағдайда локдаун енгізілетінін қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Барлығы қаладағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты. Халыққа қауіпсіздік шараларын түсіндірудеміз. Сонда да заңбұзушылықтар болып жатыр. Егер маскалық режим сақталса, әлеуметтік қашықтық күшінде болса, адам көп шоғырланған жерлерге бармайтын болсақ, онда эпидахуал тұрақты болады. Қазір ауру көрсеткішін өсірмеу үшін барлық шара қабылданып жатыр. Алайда көп нысандар қауіп тобына жатады. Бұл караоке, бар, бильярд тағы басқа нысандар. Осындай нысандарға баруды доғара тұрсақ, локдаун енгізілмейді», - деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
Бұған дейін ол Алматыда ауру көрсеткіші ақырындап өсіп келе жатқанын айтқан болатын.
Сондай-ақ бас санитарлық дәрігер шетелге барудан уақытша бас тартуды ұсынды.
Айта кетсек , Алматыда ПТР талдауының қуатын тәулігіне 22 мыңға жеткізу көзделіп отыр.
- COVID-19-ға қарсы вакцина: Әлемдегі жағдай қандай
- Ұлыбританияда 6,3 млн адам коронавирус вакцинасын салдырды
- Солтүстік Қазақстанның 10 ауданында КВИ жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелді
- Алматыда 10 кітапхана толықтай жаңартылды
-
Алматыда қылмыс деңгейі 47,8% төмендеді
-
Коронавирустан емделіп жатқан 311 пациенттің жағдайы ауыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам