Алматыда қандай жағдайда қатаң шектеу шаралары алынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин шектеу шаралары қандай жағдайда алынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ол, Іnstagram-дағы парақшасында мәлім етті.

Оның айтуынша, басты міндет- халықтың иммундық қабатын қалыптастыру.

«Біздегі шектеу шараларын алып тастау үшін, тұрғындардың 70-80% -ы вакцина алуы керек. Тек сол кезде біртіндеп шектеу шараларын алып тастай аламыз»,-деді ол.

Сонымен қатар, ол қазір Алматы «қызыл» аймақта, жағдай шиеленісіп тұрғанын атап өтті.

Айта кетейік, 16 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 6 092 882 адам салдырды. II компонентін салдырғандар саны 4 717 883 адамды құрап отыр.


Соңғы жаңалықтар