Алматыда қандай жағдайда карантин күшеюі мүмкін - Сағынтаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қандай жағдайда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз апта сайын сарапшылармен, эпидемиологтармен жұмыс істейміз. Әр жұма сайын ZOOM арқылы барлық емханалар мен ауруханалардың бас дәрігерлерімен жиын өтеді. Ол жерде эпидахуалдың жай күйі талқыланады. Ортақ палатада, жан сақтау бөлімінде жатқан науқастардың жағдайын білеміз. Қандай тенденция болып жатқанына қарап болжам жасаймыз», - деді Б. Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, жазда қатаң карантин режиміне көшу мәселесіне қатысты арнайы алгоритм жасалған. Бұл стационардағы адам санына байланысты болмақ.

«Егер біз барлық талаптарды бұзып, әр жердежүрсек, ара қашықтық сақтамасақ, күніне науқастар саны 100-105 адамға өссе, шараларды күшейтеріміз анық. Егер одан көп болса, одан да қатаң шараларға көшеміз», - деді әкім.


Соңғы жаңалықтар