Алматыда қандай мемқызметкерлерге артық міндет жүктелген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз міндетінен тыс артық жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлер туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Мемлекеттік қызметкерлердің артық істелген жұмыс уақытының себептерін зерттедік. Жыл басында жаппай жұмыстан кету жағдайы болғанын білетін шығарсыздар. Өйткені адамдар жұмыс уақыты бітсе де, үйге қайтпай еңбек еткен. Оның үстіне, төленетін жалақы да мәз емес. Артық жүктемелер қосымша тапсырмалардың берілуімен байланысты болып отыр»,-деді  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қалалық департаменті басшысының орынбасары Шынарай Әлімхан. 

Оның сөзінше, мемлекеттік органдарға лауазымдық қызмет нұсқаулығына сай әрекет ету ұсынылған. 

«Әрбір мемлекеттік қызметкердің атқаратын жұмыс уақытын зерделедік. 8 аудандық әкімдіктің АХАЖ ұйымдарында, сот мамандарының аздығына байланысты сот әкімшіліктерінде және мемкірістер департаментінде артық жұмыс істеу фактілері анықталды»,-деп атап өтті Шынарай Әлімхан. 

Оның айтуынша, мемкірістер департаментіндегі жүктемелер салық есеп-қисабына байланысты туындап отыр. Ол қиындықтардың уақытша екенін айтып, жағдайды жүйелеуге уәде берді. 

«Сот әкімшілігі сотқа жүктелген жұмыстың ауырлығын айтып, арызданады. Жалпы сот саласында жүктеме көп. АХАТ-тағы жағдай кадр жетіспеушгілігіне келіп тіреледі. Зерттей келе, бұларға түскен салмақ мемқызметкер үшін белгіленген межеден 12 есе артық екенін білдік»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар