Алматыда қандай автобустардың бағыты өзгерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі автобус маршрутының қозғалыс бағытына өзгеріс енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№141 автобус бағыты өзгерді.

4 наурыздан бастап соңғы аялдама «Көпір» автостансасынан ГЭС аялдамасына дейін ұзартылады. Күн сайын маршрутта 15 автобус жұмыс істейді. Қоғамдық көлікке «Олжас ЛТД» ЖШС қызмет көрсетеді.

«№141 автобус бағыты Медеу ауданында орналасқан «Балбұлақ» сауықтыру орталығы мен «Алатау» балалар клиникалық шипажайының қызметкерлері мен келушілерінің өтініштеріне байланысты өзгертілді», - деп атап өтті Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасынан.

Сондай-ақ, қаладағы №15 автобустың Орбита шағын ауданындағы қозғалыс сызбасы да өзгерген. Маршрут Навои көшесінен Мұстафин көшесіне бағытталған. Желіде 23 құрам жұмыс істейді. Автобусқа «Бату travel компаниясы» ЖШС қызмет көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар