Алматыда қанаты қатайған бүркіттер табиғат аясына жіберіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы жыртқыш құстарды бағатын «Сұңқар» орталығында жасанды жолмен өсірілген бүркіт балапандары табиғат аясына жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Табиғатты сақтауға үлес қос» жобасы аясында жасанды жолмен бапталған жыртқыштар енді дала қырандарына қосылады. 

«Жас бүркіттерді табиғат заңдылығына бейімдеу кезеңінен кейін оларды табиғат аясына ұшырамыз. Енді олар жабайы табиғатта өз бетімен тіршілік етеді. Біз оларды жемтік аулауға, еркін самғауға барынша тәрбиеледік», - дейді «Сұңқар» тәлімбағының директоры Ашот Анзоров.

null Бұл жобаны Қазақстандағы ірі сыра зауыты табиғат игілігі үшін әрі бүркіттерді қорғау мақсатында қолға алған. Тәлімбақ құрылған 5 жылдан бері бағдарлама аясында 20 қыран ұядан ұшқан. 

«Біз бұл жобаны 2013 жылы бастадық. Сол жылы экологтар бүркіттер популяциясының жойылу қаупі бар деген баға берген . Үлкен және Кіші Богутта (Алматы облысы) 6-7 жұп қана қалған болатын. Бағдарламаның арқасында табиғаттағы бүркіт саны 3 есеге артатынына сенімдіміз. Бүркіт Қазақстан Республикасының ұлттық символы ретінде жобаның мәнін арттыра түседі», - дейді сыра зауытының корпоративтік байланыс жөніндегі директоры Шыңғыс Қаскеев. 

Жоба ұйымдастырушылары көп ұзамай жас бүркіттерді табиғат аясына еркіндікке жібереді.

 

Соңғы жаңалықтар