Алматыда Қанат Нұровтың «Қазақстан: ұлттық идея және дәстүрлер» атты кітабының екінші басылымының таныстырылымы болып өтті

None
None
АЛМАТЫ. 12 шілде. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда «Аспандау» ғылыми-білім қорының президенті Қанат Нұровтың «Қазақстан: ұлттық идея және дәстүрлер» атты кітабының екінші басылымының таныстырылымы болып өтті.

Кітапта автор ұлттық ғылыми негізде қазақтың байырғы жеке дербес ашықтық дәстүрін жаңарту жөніндегі ұлттық идея турасында өзінің жеке пікірін білдірген.

Монография мазмұны - Қазақстанның тарихи мұрасын және оның жаңаруға деген мүмкіндігін этнографиялық тұрғыда зерттеуден тұрады.

"Қазақ тарихы көптеген құпиялар мен жұмбақтарға толы. «Қазақ» сөзінің мағынасы және руға, жүзге бөлінуінің мәні турасында осы күнге дейін пікірталас жүруде. Кітап аталған мәселелерге жауап беріп, қазақтардың этникалық мінез бітістерін негізге ала отырып, барлық қазақстандықтардың алдына ұлттық (жалпы азаматтық) мақсатты, яғни ақпараттық қоғамның үлгісіне айналу мақсатын қояды", - дейді кітап авторы.

Оның айтуынша, қазақ идеясы Қазақстан ұлтын индустриялық деңгейге ғана емес, сондай-ақ, қарым-қатынас мәдениетінің ақпараттық деңгейіне шығармақ. "Сол кезде «қазақ» және «қазақстандық» ұғымдары біржолата теңесіп кетпек",-дейді ол.

Кітапта сондай-ақ, дала еркіндігінің бірегей дәстүрлері мен Қазақстанда ашық азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің даму болашағы арасындағы салыстырулар келтірілген.

Жұмыс өзінің полемикалық стилімен ерекшеленеді (автор өзінің ерте уақытта айтылған кейбір идеяларын сын көзімен қайта қарап, ғылыми бағамын ұсынған). Сондықтан аталған кітаптың бірінші басылымы да, екінші басылымы да қоғам ішінде пікірталас тудырып, өзінің жақтаушылары мен қарсыластарын да табатыны сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар