Алматыда Қанат, Айткүл және Ерболат Құдайберген әулетінің өнер кеші өтті

None
None
АЛМАТЫ. Қарашаның 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыда ҚР Еңбек сіңірген әртістері Қанат, Айткүл және Ерболат Құдайберген әулетінің "Туған тілім - тұғырым" деп аталатын   өнер кеші өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 "Өнерлі әулеттің бұл кеші  қарашаның 11-і күні Талдықорған қаласында өткен болатын. Бүгін олар талғампаз алматылықтардың да ыстық ықыласына бөленіп отыр. Енді оны алдағы уақытта Қызылорда мен Астана қалаларында жалғастырмақпыз. Қанат, Айткүл және Ерболат Құдайберген әулетінің  бұл кеші - тыңдарманы  негізінен  ересектер, оған жастардың қызығушылығы төмен,   Республика сарайында тек эстрада әншілерінің концертінде ғана зал көрерменге толады деген түсінікті теріске шығарып отыр", дейді  шараны  ұйымдастырған "Алтын арқау" мәдени-этнографиялық бірлестігінің төрайымы Ғалия Қайдауылқызы.

  Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер өз репертуарларынан "Алатау", "Әзіл ән", "Қырғыз  қызы",  "Дос іздеймін", Жұбайым", "Ақ кимешек" сияқты шығармаларды орындады.  Ал Ерболат Құдайберген   " Үш жүзді" аралап,   "Жігіттерді" түгендеп, "Мен қазақпын" деп жаһанға жар салды.  Салтанат пен Еркеназ "Жақсы мен жаманды" салмақтап,  "Менің атым Ермек" деп өнерлі отбасының  ең жас әншісі де өзінің үлкен сахнадағы алғашқы қадамын жасады.  Кеш көрігін қыздыруға келген Мақпал Жүнісова мен "Ду-ду" комедия театры да тыңдарманның  қошеметіне бөленді.

Соңғы жаңалықтар