Алматыда қан құрамындағы қант деңгейін анықтау тегін жүргізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүкіл әлемдік қант диабеті күніне қарсы акция өтті. Шара аясында тұрғындар арнайы жабдықталған зертханаларда қан тапсырып, қант деңгейін анықтауға мүмкіндік алды. Жоғары білікті мамандар келушілерге қажетті кеңес берді.

Қант диабеті - кең таралған аурулардың бірі. Бүгінгі таңда 1,2 типті қант диабетінің саны артып келеді. Мамандардың айтуынша, бұл процесс тоқтамаса, 25 жылдан соң 592 млн адам аталған дерттің құрбаны болуы мүмкін. Қазірдің өзінде қант диабеті қаржыны көп талап ететін әлеуметтік мәні жоғары аурулардың бірі болып отыр. «Бүгін әлемнің әр түкпірінде осы ауруға қарсы акциялар өтіп жатыр. Бұл шаралар қоғамның назарын аударуға бағытталған. Мамандардың айтуынша, науқастардың жартысы өзінің қант диабетіне шалдыққанын білмейді екен. Адамдар аурудың белгілерін, түрлерін білу керек», - дейді ҚР Диабет ағарту орталығының директоры Наталья Тукалевская. Оның айтуынша, Қазақстанда 536 400 адам осындай ауруға шалдыққан. Ал, есепте тек 270 мың адам тіркелген.

Соңғы жаңалықтар