Алматыда «қамқор ана» заң алдында жауап беруде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қылмыстық ортада «Мама Роза» деген лақап атпен белгілі Ольга Хамбулатова есімді «жеңгетай» заң алдында жауап беруде. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметкері Қуандық Ешімет хабарлады.

Отырыс арнайы ауданаралық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотында өтуде. Істі судья Ерлан Болатов қарап жатыр. Дәл қазір айыпталушыдан сұрақ-жауап алынуда. Қуандық Ешіметтің айтуынша, Ольга Хамбулатова жезөкшелер қызметін көрсететін жасырын ұйымда «жеңгетайлық» еткен. «Жезөкшелер ордасын» құруға оған Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Серік Бегасылов көмектескен деген күдік бар. Мемлекеттік айыптаушылардың айтуынша, олар 8 адамнан тұратын қылмыстық топ құрған. «Жедел шаралар басталған кезде Бегасылов «Мама Розаны» алдын ала құлақтандырып қойған. Олар пәтерді ауыстырып үлгерген. Сонда да қылмыстық топ мүшелері Ақылбек, Темірханова, Салықбаева, Ларин, Моисеев, Челюк ұсталды. Қазір оларға қатысты ҚР ҚК 232 бабының 3 тармағы, 28 бабының 5 тармағы, 231 бабының 3 тармағы, 37 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер олардың айыптары дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылулары мүмкін», - деді Қуандық Ешімет. Серік Бегасылов қылмыстық іс қозғалмас бұрын Қазақстаннан қашып кеткен. Алайда айыпталушының жоқтығына қарамастан сот процесі жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар