+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Алматыда КамАЗ мопед мінген жігітті қағып, мерт қылды

2021 жылғы 15 шілде 10:50
Бөлісіңіз:
Алматыда КамАЗ мопед мінген жігітті қағып, мерт қылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда КамАЗ мопед айдаған адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 14 шілде күні сағат 17:00 шамасында Алатау ауданында болған.

60 жастағы КамАЗ көлігінің жүргізушісі Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатып, сол бағытта жүріп келе жатқан мопедпен соқтығысты.

«Апат салдарынан мопед жүргізушісі А. есімді азамат алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - дейді Алматы қаласы ІІД тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді.

Тергеу басталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT