Алматыда КамАЗ ер адамды қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда КамАЗ тыйым салынған жерден жүгіріп өтпек болған ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Төле би Әуезов көшелері қиылысында болды.

Төлеби көшесімен шығысқа бағыт алған жүк көлігінің алдын орап, тыйым салынған  жерден  екі адам жүгіріп өтпек болған.  Олардың бірі үлгеріп кетсе,  екіншісі КамАЗ-дың астына түсіп қалды. Ер адам бас жарақатымен ауруханаға шұғыл жеткізілді.

Жол апатының жай-жапсарын полиция анықтап жатыр.
null null null 

Соңғы жаңалықтар