Алматыда КамАЗ аударылып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Әл-фараби көшесінде «КамАЗ» жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Әл-Фараби көшесімен шығысқа қарай бет алған жүргізуші Достық көшесіне түсетін жолайрыққа келгенде көлікті басқара алмай қалған.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізушінің денсаулығы күрт сыр берген. Соның кесірінен жүк көлігі көпірден ауып кетіп, айналма жолға бір бүйірмен құлаған.

Соққыдан көліктің алдыңғы қос дөңгелегі жұлынып кеткен.

Жүргізушіні жедел жәрдем ауруханаға алып кетті. Жол апатының мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар