Алматыда қалыңдықтар шеруі өтті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Астана алаңында бүгін қалыңдықтар флешмоб ұйымдастырды. Кіршіксіз Ақшақар көйлегін киген 100-ге тарта қалыңдық жыл сайын өтетін «қалыңдықтар» шеруіне қатысты.

Алматының айшықты жерлерінде суретке түскен қыздар, фотосессиядан кейін сауда үйінің алаңында сальса биін биледі.

Ақ көйлек, қара белбеу, қызыл туфли киген қыздардың өнерін тамашалауға қалың нөпір жиналды.

«Бұл шараны осымен бесінші рет өткізіп жатырмыз. Биылғы образ - Ақшақар бейнесі болып отыр. Бойжеткендердің бетін әрлеу мен шаш үлгісін қою демеушілердің көмегімен тегін жасалды. Флешмобқа кез келген адам қатыса алады. Ол үшін біздің сайтқа тіркелу қажет», - деді ұйымдастырушылардың бірі, «Космополитан» журналының шеф-редакторы Евгения Садықова.

Кешке қарай қатысушыларға арнап мерекелік дастархан жайылмақ.

Ал, ең үздік костюмның иегері мен байқау жеңімпазына Бангкокқа дейін тегін билет сыйға тартылады. Сыйлықты «Эйр Астана» компаниясы ұсынып отыр.

Соңғы жаңалықтар