USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Алматыда қалың тұман салдарынан 9 әуе рейсі кешігіп, 16 рейс тоқтатылды

2015 жылғы 8 желтоқсан 09:10
Бөлісіңіз:
Алматыда қалың тұман салдарынан 9 әуе рейсі кешігіп, 16 рейс тоқтатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қалың тұман салдарынан 9 әуе рейсі кешігіп, 16 рейс тоқтатылды. Бұл туралы халықаралық әуежайдың онлайн-таблосында көрсетілген.

Атап айтқанда, Алматыдан Бішкекке, Үрімжіге ұшатын рейстер кешігіп жатыр.

Ақтөбе, Орал, Астанаға (3), Үрімжі, Джебель Али, Хошимин, Минскіге ұшатын рейстер тоқтатылды.

Оңтүстік астанаға Қызылордадан, Лондон, Үрімжі, Франкфурт, Бейжің, Бангкок, Дубайдан келетін ұшақтар кешігіп жатыр. Астана, Ақтау, Оралдан ұшақтар кешігіп жеткендіктен, ұшу кестесі бұзылды.

Сондай-ақ Алматы-Астана, Алматы-Орал, Алматы-Үрімжі (2), Алматы-Бейжің, Алматы-Хошимин рейстері кейінге шегерілді. Жолаушылар 30 минуттан 6-7 сағатқа дейін күтуге мәжбүр.

Айта кету керек, қалада 7 желтоқсаннан бастап қалың тұман сейілмей тұр. Ауа температурасы түнде -3 -5 болса, күндіз 5,7 градус жылы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT