Алматыда қалың қар жауды, тазалау жұмыстарына 508 техника тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматыда тәуліктен астам уақыт бойы үзілістермен қар жауып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір жарым күннің ішінде қалаға қалыңдығы 8-13 см қар түсті, ал тау етегіндегі аудандарда оның қалыңдығы 18 сантиметрге дейін жетті.

Коммуналдық қызметтер қар жауғаннан бастап жолға тайғаққа қарсы материалдар себуде.

«Көктайғақтың алдын алу мақсатында түнде көктайғаққа қарсы материалдар себілді, қар жауған кезде төгілгені 4609 тонна. 417 арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде 172 құмсепкіш техникасы бар. 627 жұмысшы қар тазалады»,- делінген қалалық коммуналдық қызметтің хабарламасында.

Таңнан бері қалада 508 техника мен 1788 жол жұмысшысы қар тазалауда. Қаланың жоғары орналасқан аудандарында арнайы техникалар жолдың қозғалыс бөлігіндегі қарды сыртқа шығарып жатыр.

Түнде тротуарлар, ортақ пайдаланатын жерлер, жаяу жүргінші аймақтары, өтпелі жолдарға кіретін және шығатын жерлер қардан толықтай тазартылды.

Синоптиктердің болжамы бойынша, қар түстен кейін тоқтайды.

Соңғы жаңалықтар