Алматыда қаланың мобильділік мәселелері қалай шешіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы мәслихатының сайтында «Алматы-2025» даму бағдарламасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта қалалық мобильділікті қамтамасыз ету мәселелері қалай шешілетіні көрсетілген.

Мәселен, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдарының үлесінің индикаторы 2021 жылы -83%, 2022 жылы- 86%, 2023 жылы- 89%, 2024 жылы- 92% және 2025 жылы - 95%-ды құрайды.

Сонымен қатар, қалада жол-көлік инфрақұрылымының сапасын жақсарту жоспарда (соның ішінде 51 шағынауданда жолдардың құрылысы, көшелер желісін қайта құру, 4 жолайырық салу, 1 кері айналмалы эстакада құрылысы және көшелерді созу;

Сондай-ақ, автобус жолақтарын енгізу, велосипед және жаяу жүргіншілер жолдарын салу жалғасады.

Метро желісін одан әрі кеңейту жолаушыларды жаппай тасымалдаудың ең тиімді тәсілі ретінде батыс бағытта жалпы ұзындығы 5,7 шақырым болатын 4 бекет (Сары-Арқа және Достық – 2021жылы, Қалқаман – 2022 жылы және Автовокзал – 2025 жылы ) салу жобасы қарастырлады.

Жалпы ұзындығы 172,62 шақырым болатын «Троллейбус желілерін жаңарту және дамыту» жобасын 2021 жылы аяқтау көзде


Соңғы жаңалықтар