Алматыда қаланы тазарту жұмысы күшейтілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының аумағын тазарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Қала көшелері мен тротуарлар жуылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, көшелерді тазарту жұмысына 835 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 255 суару машинасы, 57 тротуар тазалағыш, 159 трактор, сондай-ақ 1433 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Қатты жауын-шашын кезінде судың кедергісіз ағып кетуін ұйымдастыру үшін арықтар және жолдың қозғалыс бөлігінің астындағы арық өткелдері тазартылып жатыр.

Жалпы, 1161,7 шақырым тазартылды. 27 мың текше метр қоқыс пен лай сыртқа шығарылды.

1 маусымдағы жағдай бойынша 43,7 км болатын жол бойындағы шөптер орылды. Оған124 шөп шабатын және газон оратын техника тартылды.

Санитарлық тазарту жөніндегі «Бірге таза Қазақстан» республикалық акция аясында 2021 жылғы 5 маусымда Алматы қаласының барлық сегіз ауданында коммуналдық мердігерлердің қатысуымен сенбілік ұйымдастырылады, оған 80 техника, 370 адам қатысады.

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу үшін «Алматы тазалық» МКК 8 сәуірден бастап 1933 қоғамдық көлік аялдамаларын, сондай-ақ жаяу жүргіншілер аймақтары мен тротуарларды аптасына 2 рет дезинфекциялауда.

Күн сайын 500 мың шаршы метр тротуар мен 50 мың шаршы метрден астам аялдаманы дезинфекциялау үшін шамамен 115 мың литр ерітінді қолданылады.

Аудан әкімдіктері кестеге сай аптасына екі рет саябақтарды, скверлерді, жерасты және үсті жүргінші өткелдерін және халық көп жиналатын орындарды дезинфекциялайды.

Дезинфекция жұмысын күн сайын 38 арнайы техника және 96 дезинфекциялаушы жүргізеді.


Соңғы жаңалықтар