Алматыда қалалықтар үшін кіші демалыс орындарын жасау жұмыстары одан әрі жалғасуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Медеу ауданы «Самал-2» ықшам ауданында дат урбанисті Ян Гейлдің Концепциясы аясында қалалықтардың кіші демалыс орны пайда болды. Жаңа нысан қала әкімі Бауыржан Байбекке ауданды аралау кезінде жоба таныстырылды.

Жасыл аймақта бау мен саябаққа қажетті инфрақұрылдымдық элементтер - урналар, орындықтар, кішігірім сәулет формалары, түрлі қондырғылармен қамтылған балалардың екі спорт алаңдары бар. Алматы әкімі Бауыржан Байбек ықшам аудан тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында олар қала басшысына экспериментальді алаң үшін алғыстарын білдірді.

Қала әкімі бизнестің маңызды рөлін атап өтті, кәсіпкерлердің тек жаңа жұмыс орындарын құрып, салық төлеумен шектеліп қалмай, жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытып жүргендерін атап өтті.

Алматыда қазіргі таңда 358 жерде кіші демалыс аймақтары бар. Оның 77-і қажетті тексеруден өтті.

«Біздің бизнес-қауымдастықтың жоғары әлеуметтік белсенділігімен қатар қала үшін маңызды жобаларды жүзеге асырып жүргендерін атап өткен орынды. Енді аудан әкімдері өз аумақтарын жіті тексеріп, тағы қандай жерлерде қалалықтар үшін демалатын орын жасауға болатындығын анықтаулары тиіс. Қаламыздың бұрын салынып, қалыптасқанына қарамастан, жергілікті тұрғындардың дұрыс тынығып, демалулары үшін қолайлы аймақтарды іздестірудің барлық мүмкіндіктерін пайдаланған жөн», - деді Бауыржан Байбек.

Соңғы жаңалықтар