Алматыда қалалық сумен жабдықтау кәсіпорнына 120 млн теңге айыппұл салынды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қалалық «Водснаб қалалық су құбыры» кәсіпорнына 120 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Электрмен жабдықтау, сумен қамту және су бұру қызметтерін сапасыз көрсетуге қатысты айтсам, «Ерменсай» шағынауданының тұрғындарына «Городское предприятие водоснабжения Водснаб» ЖШС-нің (бұрынғы «Орхан» ЖШС) ұзындығы 4,2 км электр желісін қаланың балансына өтеусіз беру туралы шешім қабылданды. Компанияға өзіне 120 млн теңге айыппұл салынды», - деді әкім Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, ол Бостандық ауданында 25 шақырым инженерлік желілер қайта жаңартылатынын атап өтті.

«Бостандық ауданының тұрғындарына коммуналдық қызмет көрсету сапасы жақсарады. 6 шақырымнан астам су құбыры желісі мен 0,9 км жылу трассасы реконструкцияланады, 16,5 км жоғары вольтты электр кабель желісі мен 1,5 км жерасты газ құбыры жөнделеді»,- деді ол.

Биыл маусым айынан бастап 2024 жылдың сәуіріне дейін ауданға қосылған аумақтардағы 47,2 км электр желісі жаңартылады. Бұл 150 мыңға жуық тұрғынды сапалы сумен және жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар