Алматыда қалалық кардиологиялық орталық уақытша жабылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық кардиологиялық орталық жоспарлы тазалық жұмыстарына байланысты жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде қалалық кардиологиялық орталықта коронавирус инфекциясы көп таралғаны туралы ақпарат шыққан болатын.

«Қазір ғимаратта тазалық жұмыстарына байланысты орталық жабылды. Қазір вентиляция тазаланып, оттегі желілері, вакуумды компрессорлар тексеріліп жатыр. Бұл жұмыстар 2 жылда бір рет жоспарлы түрде жүреді. Желтоқсан аяғына таман ауруханаға жататын адамдардың аз болуына байланысты 20 желтоқсаннан бастап ғимарат жабылады», - деді орталық әкімшілігінен.

Осы аралықта халыққа кардиологиялық көмекті 3 стационар: «Қалалық клиникалық аурухана» МКК, «№7 қалалық клиникалық аурухана» МКК және «Mediterra» ЖШС көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар