Алматыда қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жаңа медициналық жабдық тарту етілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Аяла» қайырымдылық қоры балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне құны 4 689 500 болатын жаңа медициналық жабдықтар табыс етті.

Қор өкілдері бүгін жансақтау бөліміне құны 4 689 500 болатын 5 монитормен баланың ағзасына қажетті дәрілерді нақ және дәлме-дәл уақытымен салуға көмектесетін инелік мөлшерлегіштер тапсырды.

Бұл заманауи жабдықтар медициналық көмекке зәру науқастың денсаулығын бақылауғамүмкіндік беріп, оларға көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға септігін тигізбек.

«Біздің аурухана тек Алматы қаласы шеңберінде ғана емес, жақын маңдағы елді мекендердің балаларына да медициналық қызмет көрсетіп отыр. «Аяла» қайырымдылық қорымен бірге біз көп жылдан бері ынтымақтасып келеміз. Қор жобаларына қатысып жүрген барлық демеушілерге үлкен алғысымызды айтамыз», - деді аурухананың бас дәрігері Ержан Әліби.

Сондай-ақ, аталған аурухананың жансақтау бөлімінің жетекшісі Сергей Хохуля аталған жоба аясында балалар өлімі көрсеткішін 4 есе төмендетуге мүмкіндік туғанын атып өтті.

Айта кетейік, бұл шара 2007 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Аяла» қайырымдылық қорының «Өмірге дем берейік» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар