Алматыда қала орталығындағы конькиді жалға беретін орынжай өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда түнде конькилерді жалға алуға арналған орын отқа оранды. Бұл оқиға туралы қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Медеу ауданының 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында орналасқан қаланың тегін мұз айдынында конькилерді жалға алуға арналған орынжай өртенген.

«Өрт туралы хабар Алматы қаласының ТЖД кезекшісінің пультіне 00:32 түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минуттың ішінде жетті. 6 минут ішінде өрт ауыздықталып және тағы 4 минуттың ішінде толығымен сөндірілген. Гидранттардың жарамды болғаны өрттің тез ауыздықталуына ықпал етті. Қазір ТЖД жылжымалы зертханасы сараптама жасап жатыр», - дейді ТЖД баспасөз қызметі.

Тілсіз жау 70 шаршы метр аумақты шарпыған.

Қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітовтің айтуынша, төтенше жағдайға қарамастан тегін сырғанау қызметі өз жұмысын қалыпты режімде жалғастыратын болады.


Соңғы жаңалықтар