Алматыда қала орталығындағы Фурманов мүсінін алып тастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда революционер Фурманов мүсіні Назарбаев көшесінен алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Назарбаев пен Құрманғазы көшесінің қиылысындағы белгілі революционер-жазушының  бюсті бүгін таңертең орнында жоқ болып шықты.

Қалалық Мәдениет және мұрағат басқармасы мүсінді қайда жібергендерін айтты.

«Фурманов бюсті «Сарыарқа» саябағына орнатылатын болды. Ол жерде Кеңес одағы қайраткерлерінің мүсіндері шоғырландырылған», - деді басқармадан.

Монументті Николай Журавлев, сәулетші Х.Якупбаев жасаған.

Еске сала кетсек, Фурманов көшесі 2017 жылдың 30 қарашасында Назарбаев даңғылы болып өзгертілген еді.

Фото: alnaz.ru

Соңғы жаңалықтар