Алматыда қала маңы маршруттарының жұмыс уақыты өзгерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қала маңы маршруттарының жұмыс уақыты ұзартылды. Енді автобустар сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін қатынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысында коменданттық сағаттың сағат 23:00-ден таңғы 7:00-ге дейін өзгеруіне байланысты 13 қаңтардан бастап қала маңындағы маршруттар 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді», - деп хабарлады қалалық көлік холдингінен.
Бұған дейін ол маршруттар 09:00-ден 18:00-ге дейін жүретін.
Айта кетейік, 12 қаңтардан бастап Алматыда барлық маршрут, оның ішінде қала маңы маршруттары да жолға шыққан болатын. Еске салайық, төтенше жағдайға байланысты қалалық маршруттар үшін таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жүреді.


Соңғы жаңалықтар