+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Алматыда Қала құрылысын бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2019 жылғы 18 қыркүйек 15:30
Бөлісіңіз:
Алматыда Қала құрылысын бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы әкімінің өкімімен Бақытжан Наурызбеков Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Наурызбеков 1983 жылы 2 тамызда туған. 2005 жылы Алматы технологиялық университетін, 2008 жылы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын, 2014 жылы Тұран университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде қызмет көрсетуді дамыту бөлімінің маманы ретінде бастаған.

2005-2016 жылдары Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті сауданы дамыту бөлімінің бастығы, Бостандық ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы, Медеу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2016-2018 жылдары Медеу ауданы әкімінің орынбасары болды.

2018 жылдан жаңа тағайындауға дейін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау, Алматы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT