Алматыда қала күніне орай 227 отбасы пәтер кілтін алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданының «Алма Сити-5» тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтер алған жаңа қоныстанушыларды құттықтады. Үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасыларға 227 үш бөлмелі пәтер бөлінді.

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына әлеуметтік қамқорлық әкімдік жұмысының басты бағыты екенін айтты.

Жыл басынан бері 2 340 мұқтаж отбасыға жеңілдікпен несие беру аясында тұрғын үй берілді.

Соның ішінде коммуналдық тұрғын үй қорынан - 41; «Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасы аясында көпбалалы, толық емес отбасылар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 181 несиелік заем берілді.

Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен көпбалалы отбасыларға берілетін несие санын көбейту мақсатында жергілікті бюджеттен кезекте тұрғандарға жеңілдетілген несиелерді қосымша қаржыландыруға 3,3 млрд теңге бөлінді.

Бұл шара тағы 223 несие беруге мүмкіндік береді. Барлығы «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 1 013 отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарда.

«Шаңырақ» республикалық бағдарламасы (5-10-20) аясында 2021 жылы 1 310 несие берілді. Жұмыс істейтін жастарға 1050 жалға берілетін пәтер бөлінді.

Бүгінде «Алматы жастары» қалалық жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша 772 жас несие алды.

Жыл соңына дейін қамту кемінде 1 000 несиелік заем болады.

Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, алғашқы төлемнің бір бөлігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу үшін 1 миллион теңге сомасындағы тұрғын үй сертификаттары әлеуметтік көмек түрінде өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

Бұл үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді.

Қаланың кезекте тұрған тұрғын үй сертификатын алушылар - 1 және 2 топтағы мүгедектер; мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар; жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар; көпбалалы отбасылар.


Соңғы жаңалықтар