Алматыда қала күні үш жерде от шашу болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 18 қыркүйек күні алып шаһардың 1000 жылдығын тойлау мерекесі аясында бірқатар ауқымды іс шаралар өтеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Бұл күні таңертең 8 тақырыптық аймақты қамтитын  «АЛМАfest-2016»  жыл сайынғы қалалық фестивалі өтеді. Аталған алма фестивалі мәдени-сауықтыру бағдарламалардан құралған. Сағат 9:30-дан басталатын шара ҚР Тұңғыш Президенті паркінде өтеді.

Сонымен қатар, бұл күні «Алматының 25 шыңы» тақырыбымен салтанатты шара өтеді. «Алматы арена» сарайында болатын салтанатты кешке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ЮНЕСКО делагациясы, Алматымен бауырлас қалалар өкілдері келеді деп жоспарланып отыр.

Осындай айтулы шараларды қамтыған қала күні  «Apple Fire» (Алмалы алау) от шашуымен аяқталады. От шашу бір уақытта қаланың үш нүктесінде: Көктөбе, «Астана» алаңы, «Алматы арена» мұз сарайына болады. 

Соңғы жаңалықтар