Алматыда Қала күні қалай аталып өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 15-16 қыркүйек күндері Қала күніне орай Almaty Arena мұз кешенінің алдында мереке аталып өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Сенбі және жексенбі күндері сағат 11.00-ден 23.00-ге дейін мұз кешенінің алдында балалар мен ересектерге арналған тақырыптық ойындар, Big City Picnic көше тағамы фестивалі және фермерлік жәрмеңкелер сияқты халықтық сауық-сайран өтеді.

Almaty Arena алаңындағы фед-фестивальде арнайы жабдықталған үйшіктердегі түрлі тағамдардан дәм татуға болады. Қала белгісі өнімінен жасалған - алма чипсыйы, тосап, алма шырынан жасалған коктейльдер басты назарға ілігетіні сөзсіз.

Үлкендер мен балалар «алма шашкасы» мен «алмабол» ойнай алады. Almaty Art Center бульварында «Алма көрмесі» өтеді. Мерекелік сахнада Live Band маузыкасы мен диджейлердің билейтін тректері қойылады.

14 қыркүйекте Almaty Art Centre-де Қала күні мен Қазақстан суретшілер одағының 85 жылдығына арналған ауқымды суреттер көрмесі ашылды.
Жексенбіге дейін Almaty Arena жеңіл атлетика стадионында Қала күніне орай футболдан ашық турнир өтуде.

Мерекелеу шарасы Almaty Arena үлкен сахнасында BirthdayParty шетелдік өнерпаздардың концертімен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар