Алматыда қала халқын азық-түлік, дәрі-дәрмектермен қамту жұмыстары жалғасуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда халықты азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штабы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Штабтың таратқан мәліметіне сәйкес, бүгінде 4 наубайхана («Ақсайнан», «Алматынан», «Рузинан«, «Баширов« ЖК) күніне 130 тонна әлеуметтік нан шығарады. Әлеуметтік нанның бағасы «Ақсайнан« – 90 теңге/бөлке, «Алматынан» - 85 теңге/бөлке.

Бакалея өнімдерін өндірушілер («Фирма «Ас-Ан« ЖШС), сүт өнімдерін өндірушілер (»Солнечный« ЖШС, «АдалСүт« ЖШС және «JLC« ЖШС, «Фуд Мастер« ЖШС, «RG Brands«) жеткізілімдерді штаттық режимде жүргізеді.

«Алсад Қазақстан» ЖШС мен «Алатау Құс« ЖШС қоймаларда жұмыртқа қорының жеткілікті көлеміне ие. Жеткізілімдермен барлық сауда желілері мен ірі дүкендер қамтылған.

Сондай -ақ, 9 қаңтардан бастап Магнум желісіне келісімшарт жасалған көкөністер көлемін жеткізу жолға қойылды. Сөрелердегі картоп бойынша баға – 118 тг/кг, сәбіз бойынша – 127 тг/кг, пияз бойынша – 84 тг/кг, қырыққабат бойынша – 116 тг/кг.

Бүгінде 970 дәріхананың 877-сі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Алматы қаласының уақытша сақтау қоймаларында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жеткілікті саны бар.

Жедел деректер бойынша 19 дәріхана зардап шекті.

Еске салсақ, Алматыға азық-түлік өнімдері жеткізіліп жатқанын жазғанбыз.


Соңғы жаңалықтар