Алматыда қала әкімінің шыршасы өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен тұрмысы төмен отбасылардан шыққан және ата-ана қамқорлығынсыз қалған екі жүз бала үшін жаңажылдық мереке ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің шыршасына бірінші және тоғызыншы сынып оқушылары, оның ішінде жетім және мүмкіндігі шектеулі балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары шақырылды. Әр балаға сыйлықтар берілді.

«Бүгін сендердің өз батырларың бар, шырша мерекесіне жаңа жылдық костюмдермен келдіңдер және міндетті түрде орындалуы тиіс ізгі ниеттеріңді ойладыңдар. Бастысы – жақсы оқу және білімге ұмтылу, терең білімнің арқасында ғана байтақ еліміздің лайықты азаматтары ретінде сүйікті қаламыздың дамуына өз үлестеріңді қосатын боласыңдар», — деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Аяз ата, Ақшақар мен бірге Алдаркөсе, Тазша бала және «Мұзды Джек» мультфильміндегілер жаңа жылдық қойылымның кейіпкерлеріне айналды. Шырша тойында «Сенім» вокалды-хор студиясы, «Непоседы», «Наз», «Аспан», «Еркеназ» би ұжымдары және «Diamond» шоу-балеті өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар