Алматыда кабельдер зақымданып, троллейбустар жүрмей жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тұрғындары троллейбустардың жүруіне шағымдана бастады. Жолаушылардың наразылығына «Алматыэлектротранс» ЖШС өкілдері жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті жолаушылар, №8 подстансадағы желінің зақымдануына байланысты бүгін №11 маршрут бойынша 20 троллейбустың 10-ы, №25 маршрут бойынша 31 троллейбустың 16-сы, №7 маршрут бойынша 27 троллейбустың 14-і, №19 маршрут бойынша 17 троллейбустың 9-ы ғана шығады. Көліктердің арасындағы интервал ұзақ болады», - деп жазды «Алматыэлектротранс» ЖШС Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен қатар, Қабанбай батыр көшесінде тоқ кернеуі аз болғандықтан, №9 троллейбус бағдары толық жабық болады.

Компания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.


Соңғы жаңалықтар