Алматыда іздеуде жүрген 240 қылмыскер ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жыл басынан бері іздеуде жүрген 240 қылмыскер ұсталды. Бұл туралы әкімдікте өткен жиын барысында құқық қорғау органдарының басшылығы мәлім етті.

Алматыда жергілікті учаскелік инспекторлар жыл басынан бері 180 мың тұрғын үйді тексерген.

Жүргізілген тексеру барысында қалада іздеуде жүрген 240 қылмыскер ұсталып, 144 із-түзсіз жоғалып кеткен азамат табылды.

Сондай-ақ, 2203 адамның тұрғылықты тіркеусіз өмір сүріп жатқаны анықталып, салық органдарынан тыс жалға беріліп отырған 916 үй мен пәтер әшкереленді.

Қала басшысы Ахметжан Есімов Алматыда жасалған қылмыстардың үштен бірін сырттан келген азаматтар жасайтынын айтып өтті.

«Осыған байланысты қалаға қосылған 23,2 мың га аймақта қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесі өте өзекті болып отыр. Құқық қорғау органдары осы аумақтардың қыр-сырымен танысуы керек. Жаңа аймақтардың қосылуы қаладағы жалпы қылмыстық ахуалға кері әсерін тигізбеуі шарт», - деді қала әкімі Ахметжан Есімов.

Соңғы жаңалықтар