Алматыда із-түзсіз кеткен Анна Чакиртова табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бұрын хабар-ошарсыз кеткен «Томирис» фильмінің продюсері Анна Чакиртова табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне әйелдің ұлы Алан хабарлады.

«Бізге анамның табылғаны туралы хабар келді. Қазір біз соған бара жатырмыз. Оның жағдайын білейік, бәрі орнына түскен соң егжей-тегжейлі айтамыз. Әзірге ештеңе айта алмаймыз. Тек оның тірі екенін айта аламын», - дейді Анна Чакиртованың ұлы Алан.

Еске сала кетейік, Анна Чакиртова 2 шілде күні 21:20 шамасында Қабанбай батыр және Қонаев көшелерінің қиылысындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған болатын. Ұялы телефонын пәтерінде қалдырған. Сол кезде оны ешкім, тіпті көршілері де көрмегендігі хабарланған болатын. Продюсердің ерінің айтуынша, бұған дейін ол ешқашан бұлай хабар-ошарсыз кетпеген.

 

Соңғы жаңалықтар