Алматыда із-түзсіз кеткен 8 жасар оқушы табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жоғалып кеткен 8 жасар бала табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бала табылды, аман-есен және дені сау. Біздің қызметкерлер жеткіншекті ата-анасына тапсырады. Үйден кетуінің себебі - далада серуендегісі келген екен. Солай деп түсіндірді. Кәмелетке толмаған баламен және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіледі «, - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматыда сегіз жасар баланың жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.

Ол 20 қазан түнгі сағат үште, ата -анасы ұйықтап жатқанда үйден шығып кеткен.

Баланы полицейлер мен еріктілер іздеді.


Соңғы жаңалықтар