Алматыда із-түссіз жоғалған аутист бала табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен аутист баланы тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баланың жоғалғаны туралы хабар түскеннен кейін оны іздестірумен арнайы құрылған бірнеше топ айналысты.

«Түнгі сағат бірлер шамасында баланы М.Әуезов ауданынан жол-патрульдік полициясы экипажы тауып алды. Қуаныштысы, жағдайы жақсы, бала адасып кеткен. Одан кейін біздің Алмалы ауданы полиция басқармасы бөлімшесінің қызметкерлері Тимурды туыс-туғандарына апарды», - деді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналдық полициясының басшысы Лейла Әліпбаева.

Соңғы жаңалықтар