Алматыда IV халықаралық «Денсаулық сақтаудағы инновация - 2019» ғылыми форумы өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда өтіп жатқан IV халықаралық «Денсаулық сақтаудағы инновация - 2019» ғылыми форумына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық форум ҚР Президенті Іс басқармасы медициналық қызметінің 90 жылдығы аясында өтуде. Алматыдағы орталық клиникалық аурухана (Совминка) 1929 жылы ашылған. Аталған медицина мекемесі науқастарға үздіксіз қызмет көрсетіп келеді.

«Бүгінгі күні ол заманауи медициналық орталық, мұнда отандық медицинаны дамытушы және озық емдеу-диагностикалық практиканы енгізуші үздік дәрігерлер қызмет етеді»,- деді форум барысында Б. Сағынтаев.

Қала әкімі медициналық көмектің сапасын жүйелі түрде жақсарту мақсатында Орталық клиникалық аурухананың ең жақсы тәжірибелері Алматыдағы барлық медициналық мекемелерге таратылатынын атап өтті.

«Дәрігерлердің кәсіби біліктілік деңгейі тұрақты артатын болады, олардың дұрыс жұмыс істеуі үшін біз барлық жағдайларды жасаймыз. Алдағы үш жыл ішінде ауруханалар мен емханалардың жабдықталу деңгейін 90%-ға дейін жеткіземіз», - деді әкім.

Форум жұмысы екі күнге созылады.

Соңғы жаңалықтар