Алматыда ішкі нарықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Техникалық реттеу және метрология комитетінің департамент басшысы Сауықбек Қапаев онлайн брифинг барысында мемлекеттік бақылау нәтижелері мен 2020 жылғы жұмыс қорытындылары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуыша, бірінші кезекте қажетті ұлттық стандарттарды, техникалық регламенттерді әзірлеу, мемлекеттік бақылау, өнім қауіпсіздігі, ішкі нарықты нашар және сапасыз өнімдерден қорғау мәселелеріне, сондай-ақ сынамалардың сәйкестігін бағалау және өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау саласына көп көңіл бөлінеді.

«Негізгі мақсат - өнімнің қауіпсіздігі, оның сапасының сәйкестігі, нормативтік құжаттардың талаптары тұрғысынан қала халқының тұтынушыларының мүдделерін қорғау және сынақ зертханаларының және басқа да субъектілердің сәйкестігін растаушы органдардың қызметін бақылау. Басты міндет-өндірілетін және айналымдағы тұтынылатын өнімнің қауіпсіздік сапасын анықтау», - деп түсіндірді Сауықбек Қапаев.

2020 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 83 тексеру жүргізілген, өтініштер мен шағымдар бойынша жоспардан тыс – 37 тексеріс, нысанды барып қадағалау және профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген нұсқамаларды орындау арқылы- 18 тексеріс жүргізілген. 50 жағдайда Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу, аккредиттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын бұзу фактілері анықталды, бұл тексерулердің жалпы санының 60% - ын құрады.

Мемлекеттік бақылау қорытындысы бойынша тәртіп бұзушыларға жалпы сомасы 18 567 642 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Өнімнің сәйкестігін растау рәсімі сақталмаған, атап айтқанда өнімді сәйкестендіру, өнім үлгілерін іріктеу және оларды сынау, өнімді таңбалауға қойылатын талаптар және сәйкестік сертификаттарын рәсімдеу кезіндегі тәртіп бұзушылықтар анықталды.

«Тексеру нәтижелері бойынша 5087 - сәйкестік сертификаты, 4231 - сәйкестік туралы декларация, 1562 - тексеру туралы сертификат қайтарылып алынды және қолданысы тоқтатылды, барлығы – 21254 өлшем құралы, оның ішінде қолдануға жарамсыз – 589 бірлік, сондай-ақ өлшем құралдарын 1-салыстырып тексерушінің сертификаты, 5 927 850 теңге сомасына әкімшілік айыппұл сала отырып, 6 ай мерзімге сарапшы-аудиторлардың 23 аттестаты тоқтатылды. Қорытындысы бойынша жалпы сомасы 17 690 494 теңгеге әкімшілік айыппұл салу туралы 45 қаулы шығарылды»,-деді спикер.

2020 жылдың 30 желтоқсанында «Техникалық реттеу туралы» жаңа редакциядағы тиісті заң жобаларына және оларға ілеспе заң ретінде «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Аккредиттеу туралы» ілеспе заңдарға қол қойылғанын атап өткен жөн.

«Техникалық реттеу туралы» ҚР жаңа Заңын қабылдаудан күтілетін нәтижелер:

- ішкі нарықтағы өнімнің қауіпсіздігін арттыру;

- бәсекеге қабілетті және сапалы отандық өнім үшін жағдай жасау;

- мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру;

- сәйкестікті бағалау рәсімдерінің дұрыстығын қамтамасыз ету.


Соңғы жаңалықтар