+7 (701) 759 90 19
USD 377.75 EUR 421.27
RUB 6.13 CNY 54.91
Jańalyqtar

Алматыда ірі ЖОО-ларды қала сыртына көшіру ұсынылды

2019 жылғы 12 желтоқсан 14:47
Бөлісіңіз:
Алматыда ірі ЖОО-ларды қала сыртына көшіру ұсынылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Kazakhstan Urban Conference 2019 отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы 2050» стратегиясына қатысты тұрғындардың ұсыныстарын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әкімі заңсыз құрылыс үшін қоластындағыларды сынға алды Бақытжан Сағынтаев жастардың Алматыдан неге кеткісі келмейтінін айтты Алматы кәсіпкерлерін қолдауға 30 млрд теңге бөлінеді

Әкімнің айтуынша, қала тұрғыны Әлішер Сағидоллаев ірі ЖОО ғимараттарын қала сыртына шығаруға ұсыныс білдірген.

Шаһар басшысы бұл ұсыныс мұқият талқылауды қажет ететіндігін, егер ЖОО-лар қала сыртында өз университеттік кампустарын салса, жақсы болатынын атап өтті.

«Кейбір университеттер қала сыртында өз қалашығын құрап, кампус жасаса болады. Алатау инновациялық технологиялар паркі маңына орналасу туралы біраз университет басшылығы ұсыныс білдірген де болатын. Алайда, бұл сұрақ мұқият талқылауды қажет етеді. Себебі, ол жақта орналасу үшін алдымен, ыңғайлы көлік инфрақұрылымын шешіп алу керек. Мүмкін, метроны тарту керек, әлде қаламен байланысты жақсартуға мүмкіндік беретін басқа да жолдарды іздеу қажет», - деді әкім.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Әкім, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT