Алматыда ірі жол апатынан 7 көлікке зақым келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жароков-Шевченко көшелерінің бойында ірі жол апаты орын алды. Оқыс оқиғадан 7 көлікке зақым келді.

Абырой болғанда, адам өлімі жоқ. Бұл туралы auto.lafa.kz порталы хабарлады.

Mitsubishi Delica қарама-қарсы бағытта ұшып келе жатқан мопед жүргізушісінен қашамын деп жолдың оң жақ бетінде келе жатқан Nissan көлігін қаққан. Соққыдан Nissan жол шетінде тұрған RAV-4-ті іліп кетеді.

Жоғары жылдамдықпен келе жатқан Mitsubishi Delica мұнымен тоқтамай Toyota Camry,Chevrolet, Mitsubishi Outlander көліктерін жанай кетеді. Кейін жапондық минивэн аударылып барып тоқтаған. Chevrolet көлігі жол шетінде тұрған тағы бір шетелдік көлікті соғып тоқтады.

Оқиға куәгерлерінің ойы бір жерден шықпай жатыр. Олардың бірі мопед кінәлі десе, кейбіреулері Mitsubishi Delica жылдамдықты шамадан тыс арттырды дейді.

Қазір Mitsubishi Delica жүргізушісі жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды. Апаттан зардап шеккен өзге адамдар туралы ақпарат жоқ.

Қорытынды шешімді құқық қорғау органдары шығарады.

Соңғы жаңалықтар