Алматыда ірі зауыттар салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданындағы Индустриалды аймақтың инфрақұрылымдарының құрылысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алатау ауданында құрылыс, фармацевтика, химия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларының 40-тан жобасы жүзеге асып жатыр.

Жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек ең алдымен газ, су және мұнай өнімдерін тасымалдайтын үлкен диаметрлі болат құбырларын шығаратын зауыт құрылысы алаңында болды. Бұл еліміздегі алғашқы жоғары технологиялық өнім шығаратын зауыт болмақ.

Кәсіпорын іске қосылса, Қазақстанға сырттан әкелінетін құбыр өнімдерінің 60 процентін Алматыда шығаруға мүмкіндік пайда болады.

Алматы  әкімі кабель желілерін шығаратын ресейлік компанияның «КМК Investment» зауытының,  Жапониядан тыс жерде баламасы жоқ инженерлік желілердің  қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Tokyo Rope Almaty» зауытының құрылыс барысымен танысты.

null 

Сонымен қатар  Бауыржан Байбек  қалдықтарды толық өңдейтін және сұрыптайтын кешенді  аралап көрді.

Жаңа жоба өз кезегінде айнала қоршаған ортадағы экологиялық жүктемені азайтады.

null 

Жұмыс сапары барысында  қала басшысы  200 жолаушы автобусына есептелген №3 коммуналды автобус паркінің құрылысымен де танысты.

Жаңа автобус паркі бір мезетте 10 автобусқа қызмет көрсететін газ қондырғыларымен жабдықталады. Автобус паркінде  техникалық қызмет көрсету, көлікті жуу, жүргізушілер тынығып, демалатын әкімшілік-тұрмыстық блок  нысандарын салу қарастырылған.

null 

Айта кету керек, биыл мегаполисте «Алматыны дамытудың 50 драйвер жобасы» бағдарламасы аясында бірқатар ірі өндіріс нысандарын салу көзделген.

Соңғы жаңалықтар