Алматыда ірі супермаркет өртенді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Түрксіб ауданында орналасқан супермаркет отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 10:32 шамасында өрт сөндіру бөлімшелері Түрксіб ауданына қарасты Сүйінбай көшесі, 419а мекенжайы бойынша өрт туралы хабарламаға жоғары дәрежедегі шақыртумен шықты.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетті. Олар екі қабатты «Huseinoff» супермаркетінің екінші қабаты мен шатыры ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары дереу адамдардың бар-жоғына барлау жүргізіп, өрт оқпандары енгізілді. Оқиға орнында штаб орнатылып, 50-ден астам қызметкер және 15 техника, оның ішінде екі АЛ-32 метрлік өрт автосатысы жұмылдырылды»

, - деп хабарлады ведомствадан.

Қабылданған шұғыл шараның арқасында өрт толық сөндірілді.

Қаза болғандар мен жараланғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.



Бұған дейін хабарлағанымыздай, ШҚО-дағы табиғи қорықта 100 гектарға жайылған өрттің беті қайтпай жатыр.
Соңғы жаңалықтар